ЖИТС орталығының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

05
май 2023

ЖИТС орталығының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

5 мамырда ЖИТС орталығының комплаенс-қызметінің жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында қызметкерлер Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 «Қазақстан Республикасында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығын талқылады

Іс-шараның мақсаты ЖИТС орталығы қызметкерлерінің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардарлығын арттыру және оларды іске асыруды сындарлы талқылау болып табылады.

Бүгінгі таңда комплаенс-қызмет өзін квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді және пәрменді құралы ретінде көрсетті және оның негізгі құралы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.