Пациенттерді қолдау қызметі

Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары! ШЖҚ «АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталық» МКК (бұдан әрі-АИТВ ОО) пациенттерді қолдау қызметінің (Жамбыл көшесі 4) жұмыс істейтіні туралы хабарлайды. Сенбі мен жексенбіден басқа күн сайын сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін хабарласа аласыз.

Жауаптытұлға-басшыныңмедициналықбөлімжәнемедициналыққызметтерсапасынбақылау жөніндегі орынбасары ШапиеваАлияЖаубатырқызы,тел.:8(7132)22-24-32.

Сіз келесі сұрақтар бойынша хабарласа аласыз:

— Медицина қызметкерлерінің немқұрайлылығы және дөрекілігі;

— Көрсетілген медициналық көмектің толықтығына қанағаттанбау;

— Анықтамалық ақпаратта ұсынылатын ақпараттың жеткіліксіздігі.

Сондай-ақ, АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша 8 (7132) 21-31-97 сенім телефонына хабарласуға болады. Сенім телефонына жауапты —  профилактикалық бөлім меңгерушісі Д. Г. Уразалинова

Сіз өзіңіздің байланыс деректеріңізді көрсете отырып, кассаның жанындағы АИТВ ОО ғимаратында орналасқан «шағымдар мен ұсыныстар жәшігіне» жазбаша өтініш қалдыруға мүмкіндігіңіз бар. Сонымен қатар, АИТВ/ЖИТС және медициналық қызметтердің сапасы туралы сұрақтарыңызды біздің сайтымызда «сұрақ қою» айдарында қоя аласыз: http//aktobehiv.kz. Анықтама телефоны: 8 (7132)22-18-28 email: aktobespid@gmail.com