Орталық туралы

Ақтөбе облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға, АИТВ инфекциясының таралу қарқынын алдын алуға және төмендетуге, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды білікті, мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін орындайтын Денсаулық сақтау ұйымы болып табылады.

Орталықтың құрылу тарихы

Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің 1989 жылғы 12 мамырдағы №343 бұйрығымен «Қазақ КСР-де ЖИТС алдын алу қызметін ұйымдастыру туралы» ҚазССР министрлігінің жанынан ЖИТС-ға қарсы күрес жөніндегі Комитет құрылды, оған елдегі ЖИТС проблемасы бойынша денсаулық сақтау органдары мен мекемелерінің жұмыстарын үйлестіру жүктелді.1994 жылғы 5 қазанда «ЖИТС дертінің алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шығарылды. 1994 жылғы 23 қарашада «ЖИТС ауруының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР ДСМ №445 бұйрығы шықты. 1995 жылғы 20 желтоқсанда Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық туралы ереже әзірленіп, бекітілді.
1990 жылы облыста ЖИТС-тің алдын алу қызметі ұйымдастырылды, оның ғимараты болмады. 1992 жылдың соңынан 1996 жылға дейін «Қазхимэлектромонтаж» ұйымының жалға алынған үй-жайында орналастырылды. 1996 жылдан бастап Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының шешімімен бүгінгі күнге дейін орталық қазіргі ғимаратта орналасқан.АИТВ-инфекциясының алдын алу және жөніндегі облыстық орталық бейімделген, 2 қабатты, 1958 жылы салынған, 1974 жылы қайта жаңартылған кірпішті ғимаратта орналасқан.ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың алғашқы бас дәрігері А. К.Шегреев болды, ол орталықты 1990 жылдан 2000 жылға дейін басқарды, 2000 жылдан 2005 жылға дейін Р.С.Логвинова, 2005 жылы Н.А.Агзамов 6 ай бойы, 2005 жылдың шілдесінен бастап Ж.С.Тілеумұратов, 2010 жылдан 2018 жылдың ақпанына дейін – Г.М.Садықова, 2018 жылдан 2024 жылдың қаңтарына дейін Ж.Д.Сүлейменов басқарды. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап А.К. Дуйсенбаева басшылық етіп келеді.