ЖИТС орталығының маманының халықаралық конференцияға қатысуы

13
июнь 2019

ЖИТС орталығының маманының халықаралық конференцияға қатысуы

Облыстық ЖИТС  алдын алу және оған қарсы күрес орталығының емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Табиға Жулымова ТМД елдерінің 

қатысуымен  «Мәскеу денсаулық сақтау тәжірибесіндегі АИТВ-жұқпасын емдеудің замануи тәсілдері» атты IV-ші ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

 Бұл басқосуда АИТВ/ЖИТС пен қарсы күресте тәжірибе алмасу үшін жүйелі байланыс орнату мен озық технологияларды әзірлеуге арналған  өзекті ойлар талқыланды. 

Үш күн ішінде   тоғыз секциялық, сонымен қатар интерактивті отырыстар ұйымдастырылды. Олардың тақырыптары- АИТВ-жұқпасы бар азаматтарға көмек көрсету. АИТВ-жұқпасы аясында есірткіге тәуелділік және басқа да өзекті мәселелерді де ортаға салуға арналған болатын.

Іс-шара барысында сондай-ақ АИТВ жұқпасы бар тұлғларға амбулаториялық және стационарлық көмек көрсету  нақты клиникалық мысалдарды талдай отырып дөңгелек үстелдер мен пікірталастар түрінде өтті.