ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың пациенттерді қолдау қызметі

05
май 2023

ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың пациенттерді қолдау қызметі

Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары! ШЖҚ «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы» МКК (бұдан әрі-ЖИТС ОО) пациенттерді қолдау қызметі жұмыс істейтінін хабарлайды (Жамбыл көшесі 4, №7 кабинет). Сенбі мен жексенбіден басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін хабарласуға болады. Жауапты тұлға – бас дәрігердің орынбасары Шапиева Әлия Жаубатырқызы, тел.: 8 (7132)22-24-32.

Сіз келесі сұрақтар бойынша хабарласа аласыз:   

  • Медицина қызметкерлерінің мейірімсіздігі, немқұрайлылығы және дөрекілігі;
  • Көрсетілген     медициналық көмектің толықтығына     қанағаттанбау;
  • Анықтамалық     ақпаратта ұсынылатын ақпараттың     жеткіліксіздігі;

Сондай-ақ, АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша 8 (7132) 21-31-97 сенім телефоны арқылы хабарласуға болады. Сенім телефонына жауапты профилактикалық бөлім меңгерушісі Жайлаубаева А.А.

ЖИТС ОО ғимаратында орналасқан кассаға қарама-қарсы «шағымдар мен ұсыныстар жәшігінде» байланыс деректерін көрсете отырып, жазбаша өтініш қалдыру мүмкіндігіңіз бар.

Сонымен қатар, сіз біздің сайтта http://aids-aktobe.kz «сұрақ-жауап» айдарында АИТВ/ЖИТС және медициналық қызметтердің сапасы туралы сұрақтар қоя аласыз.

    Жұмыс регламенті: 9: 00-ден 16:30-ге дейін (үзіліс 13:00 — 13: 30)

Анықтама телефоны: 8 (7132)21-01-78  

Электронды пошта: aktobespid@med.mail.kz