Жастарға арналған профилактикалық дәріс өтті

Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары студенттерге арналған профилактикалық дәрістер өткізді.

Кездесу барысында жастарға АИТВ-инфекциясының алдын алу жолдары, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар мамандар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Мұндай шаралардың басты мақсаты — жастар арасында ақпараттық сауаттылықты арттыру және денсаулық мәдениетін қалыптастыру.

Денсаулық — әр адамның ең басты байлығы!