«Жас дәурен» денсаулық орталығына арналған семинар

26
февраль 2021

«Жас дәурен» денсаулық орталығына арналған семинар

Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығы профилактикалық бөлімінің меңгерушісі А.Жайлаубаева 24 ақпанда №6 қалалық емхана жанындағы «Жас дәурен» жастар денсаулық орталығына семинар өткізді.    

Жастар денсаулық орталығының мамандары терапевт, психолог, СӨС дәрігері, акушер-гинекологқа АИТВ-инфекциясының профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетілді. Семинар барысында маман АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдай және нормативтік құжаттармен таныстырды.