Қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық компанияның басты басымдығы

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ филиалы — «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінде» қызметкерлерге арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өткізілді.

Іс-шара барысында мамандар вирустың жұғу жолдары, алдын алу шаралары, уақтылы тестілеудің маңыздылығы және заманауи емдеу тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ жеке жауапкершілік, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулер қызметкерлердің ақпараттылық деңгейін арттыруға, денсаулыққа қамқорлық жасауға бағытталған корпоративтік мәдениетті нығайтуға және әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.