13
февраль 2024
февраль 2024
Семинар-тренинг
Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог маманы Жулмагамбетова Сандугаш «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында «Мейрім»жастарды бейімдеу орталығының қызметкерлері мен тәрбиеленушілеріне арналған семинар-тренинг өткізді. Спикер АИТВ-инфекциясынан қорғау шаралары мен берілу жолдары туралы айтып берді, сондай-ақ өз сөзінде Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, берілу жолдары бойынша тренинг өткізді. Іс-шара соңында маман барлық сұрақтарға жауап берді.
