Салауатты өмір сүру сәнді!

03
ноябрь 2022

Салауатты өмір сүру сәнді!

«Дені сау болу сәнді!»Адам үшін оның денсаулығы сияқты ештеңе маңызды емес! Бұл туралы облыстық ЖИТС орталығының және №2 қалалық емхананың мамандары №6 ОМ оқушыларымен кездесуде айтты. Кездесу АИТВ-инфекциясының, нашақорлықтың және темекі шегудің алдын алу тақырыбында өтті. 

ЖИТС орталығының маманы Матаева Меруерт оқушыларға АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, қорғану шаралары, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу жолдары туралы айтып, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, сұрақтарға жауап берді.