Өрт сөндірушілерге АИТВ-инфекциясы бойынша дәріс оқылды

24
июль 2023

Өрт сөндірушілерге АИТВ-инфекциясы бойынша дәріс оқылды

ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының мамандары Айжан Жайлаубаева мен Динара Уразалинова №1,3,4, 5, 22 «Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жеке құрамы үшін дәрістер оқыды.

Іс-шараның мақсаты-халықты АИТВ-инфекциясы және оның берілу жолдары, сақтық шаралары туралы хабардар ету. Спикерлер тыңдаушыларға Ақтөбе облысы бойынша АИТВ-инфекциясымен, эпидемиологиялық жағдаймен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты, стигма және кемсітушілікке жол бермеу туралы және авариялық жағдайлар кезінде АИТВ-инфекциясының қатынастан кейінгі профилактикасы туралы толық ақпарат берді.