Құрайлы а/о мектептерінде АИТВ-жұқпасының алдын алу

18
февраль 2019

Құрайлы а/о мектептерінде АИТВ-жұқпасының алдын алу

2019 жылдың 14 ақпанында Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының мамандары-А.Жайлаубаева мен С.Мұханбетжанова Құрайлы ауылдық округінің № 59 орта мектебінің, Елек орта мектебінің, облыстық туберкулез санаториясы мектеп-интернатының 8-11 сынып оқушыларымен кездесулер мен тренингтер өткізді.

«Бас тарту» тақырыбындағы тренингтер АИТВ-жұқпасының алдын алуға және қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. 168 оқушы қамтылды.