Нарколог-дәрігерлерге арналған семинар

22
февраль 2021

Нарколог-дәрігерлерге арналған семинар

17 ақпан күні Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығында нарколог- дәрігерлерге арналған «Бекітілген ережелерге сәйкес есірткі қолданушылар АИТВинфекциясына тексеру» тақырыбында облыстық семинар өтті.    

Семинарға қалалық және облыстық емханалардың учаскелік нарколог дәрігерлері, Облыстық психикалық денсаулық орталығы өкілдері қатысты. «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидалары» № 211 бұйрығы бойынша ЖИТС ОО эпидемиолог дәрігері С.Муртазин және «АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 137 бұйрығы бойынша эпидемиолог А. Артықбаева баяндама жасады. Семинарға қатысушыларды АИТВинфекциясының облыс бойынша эпидемиологиялық жағдайымен және ИЕТ арасында «Зиянды азайту» бағдарламасымен таныстырды. Қорытынды бөлімде мамандар семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Семинарға барлығы 10 медицина қызметкері қатысты.