октябрь 2024
Медициналық колледж студенттеріне арналған кинолекториялар
«Болашақ» жоғары медициналық колледжінің студенттеріне «АИТВ-инфекциясы дегеніміз не?».
Кинолекторияның негізгі міндеті — балалармен көрнекі материал – бейнеролик көмегімен өзекті мәселелерді ашық талқылау. Бейне мазмұнының арқасында жастарды барынша тартуға, ақпараттандыруға болады.
Қарау барысында студенттер адамның иммун тапшылығы вирусының не екенін, АИТВ-ның адамнан адамға қалай берілетінін және өзіңізді осы инфекциядан қорғау үшін қандай ережелерді сақтау керектігін білді.
Іс-шара соңында ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Алтынай Артықбаева студенттердің сұрақтарына жауап беріп, «АИТВ-инфекциясының берілу жолдары» тренингімен білімдерін бекітті.
