Медицина қызметкерлері үшін АИТВ-ға экспресс-тест қою бойынша семинар

25
декабрь 2020

Медицина қызметкерлері үшін АИТВ-ға экспресс-тест қою бойынша семинар

24 Желтоқсанда зертхана меңгерушісі Ж.К. Фаткулина Ақтөбе медициналық орталығының перзентхана бөлімінің медицина қызметкерлері үшін «АИТВ — ға экспресс-тест қою сапасын сыртқы бақылау» тақырыбында семинар өткізді. Келесі сұрақтар қарастырылды: АИТВ-ға ЭТ қолдану саласындағы НҚА, экспресс тестілеу сайттарындағы биоқауіпсіздік шаралары, саусақтан қан алу техникасы және капиллярлық, жаңа алынған қан, сарысу және плазма көмегімен АИТВ-ға экспресс-тест қою, нәтижелерді есепке алу.

      Семинарға барлығы 12 адам қатысты.