Мүшеқап (презерватив) неден сақтайды?

23
ноябрь 2023

Мүшеқап (презерватив) неден сақтайды?

Мүшеқап (презерватив) неден сақтайды?

Мүшеқап 98% жағдайда АИТВ-ның берілуіне жол бермейді, қалған 2% берілу ықтималдығы мүшеқапты дұрыс пайдаланбау немесе сапасыз мүшеқаптарды пайдалану болып табылады

ДДҰ мәліметтері бойынша, мүшеқаптар жаһандық ЖИТС пандемиясының динамикасына айтарлықтай әсер етті: модельдеу мәліметтері бойынша, 1990 жылдан бастап мүшеқап қолдану санының артуы АИТВ-инфекциясының шамамен 117 миллион жаңа жағдайының алдын алуға көмектесті

АИТВ статусы белгісіз серіктеспен кез келген қорғалмаған байланыс АИТВ инфекциясына әкелуі мүмкін егер:

— серіктес бұрын қорғалмаған жыныстық қатынасқа немесе есірткі қолдану тәжірибесіне ие болуы мүмкін;

— серіктес АИТВ-инфекциясымен өмір сүретінін білмеуі мүмкін, өйткені «ауру жылдар бойы асимптоматикалық болып келеді».

— серіктесте кездейсоқ қорғалмаған жыныстық қатынастар болуы мүмкін, олар туралы үндемеуді жөн көреді.

Тек АИТВ — ның бар жоғы туралы өзара білсеңіз және бір-біріңе адал болсаңыз мүшеқаптан бас тартуға себеп болуы мүмкін.