Әлеуметтік педагогтар АИТВ инфекциясы тақырыбында дәріс тыңдады

28
июнь 2022

Әлеуметтік педагогтар АИТВ — инфекциясы тақырыбында дәріс тыңдады

Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері облыстың әлеуметтік педагогтарына дәріс өткізді. Іс-шара барысында әлеуметтанушы Самал Мұханбетжанова және алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігері Анар Құралова АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, сақтық шаралары, оның ішінде жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығы туралы айтып берді. Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке және стигмаға жол бермеу туралы атап өтті. Дәріс соңында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Іс-шара «Өрлеу»біліктілікті арттыру ұлттық орталығында өтті.