Коинфекция: АИТВ және С гепатиті

03
март 2022

Коинфекция: АИТВ және С гепатиті

АИТВ-адамның иммун тапшылығы вирусының, яғни иммундық жүйеге әсер ететін вирустың қысқартылған атауы.  

С вирустық гепатиті- осы вирустан туындаған бауырдың қабыну ауруы.

АИТВ-жұқтырған пациенттер белсенділігі жоғары антиретровирустық ем енгізілгеннен бері ұзақ өмір сүреді. Алайда, С гепатиті вирусымен (СГВ) коинфекция бауыр ауруларымен сырқаттанушылықтың және өлім-жітімнің артуына алып келеді. АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын адамдар арасындағы созылмалы С гепатитінің жиілігі 7% — дан (жыныстық жолмен берілу) 90% — ға дейін (инъекциялық есірткі) ауытқиды.

АИТВ және СГВ аралас инфекциясы эпидемиологияны, клиникалық ағымды, вирусологияны және С гепатитінің табиғи ағымын өзгертеді.

АИТВ және СГВ коинфекциясын АИТВ және СГВ сияқты моно-инфекциялардан ерекшеленетін басқа ерекше ауру ретінде қарастыру қажет.

Коинфекция өзін басқаша көрсетеді және скринингке, диагностикаға және науқастарды жүргізу тактикасына басқа тәсілдерді талап етеді. СГВ-ын АИТВ жұқтырған адамдарда байқалатын оппортунистік инфекция ретінде қарастыруға болады, сондықтан АИТВ инфекциясы бар барлық пациенттерге СГВ-на скрининг жүргізу қажет.

АИТВ және СГВ коинфекциясы бар пациенттерді емдеу СГВ моно-инфекциясы бар пациенттерге қарағанда қиынырақ. Аралас инфекциясы бар пациенттерде СГВ-ын емдеу АИТВ және СГВ-ның неғұрлым ерте сатыларында тағайындалуы тиіс.