Егер жақын адамыңызда АИТВ болса. 2 бөлім.

08
декабрь 2020

Егер жақын адамыңызда АИТВ болса. 2 бөлім.

Сүйіктіңізге денсаулығын сақтауға көмектескіңіз келетініңіз табиғи нәрсе. Алайда, туыстары мен достары жиі қателіктер жібереді, олар елеулі, тіпті қалпына келмейтін зиян келтіруі мүмкін. Жиі кездесетін қателіктер:

шамадан тыс қорғаныс (опека) және адамға оның қауіпті ауруы бар екенін үнемі ескерту. 

баламалы терапия әдістерін іздеуге кеңес. Бүкіл әлемде және біздің елімізде АИТВ-жұқпасы мен ЖИТС-ты түбегейлі емдеуге уәде беретін көптеген емшілер бар. Әзірге мұндай емдеудің ресми тіркелген бірде-бір жағдайы жоқ, бірақ емшілерге жүгіну науқасты өлімге соқтырған көптеген белгілі жағдайлар бар.

жанама әсерлер тудыратын дәрі-дәрмектерді қабылдауды тоқтату туралы кеңес. Бұл әсіресе пациентке вирусқа қарсы аралас терапия тағайындалса, өте қауіпті: препаратты тоқтату немесе оны өткізіп жіберу организмде вирустың дәріге төзімді штамдарының дамуына әкеледі және бұл пациентті болашақта емдеу мүмкіндігінен айырады.