Дискордантты жұптар

19
сентябрь 2024

Дискордантты жұптар

Дискордантты жұп-бұл бір серіктесінде АИТВ-инфекциясы жоқ, ал екіншісінде адамның иммун тапшылығы вирусы бар жұп. Бүгінгі таңда бір серіктесінде АИТВ-инфекциясы бола тұра АИТВ-инфекциясы жоқ серіктесіне жұқтыру қаупінсіз отбасын құру мүмкін!

Жоғары тиімді антиретровирустық терапияның пайда болуы АИТВ-инфекциясын емдеу саласында үлкен серпіліс берді.

Дискордантты жұптардың өміріндегі маңызды ерекшелік-денсаулықты сақтауға мүмкіндік беретін жоғары белсенді антиретровирустық терапияны АИТВ-инфекциясы бар серіктестің қабылдауы.

Егер бұрын АИТВ-инфекциясын емдеу күрделі және болжау мүмкін болмаса, тиімді терапиядағы заманауи жетістіктер вирустық жүктемені анықтау шегінен төмен түсіру арқылы аурудың ағымын шектеуге мүмкіндік береді. Бұл дискордантты жұпта АИТВ — позитивті серіктесті жұқтыру тұрғысынан қауіпсіз етеді.

Бұған жету үшін бірнеше қарапайым ережелерді сақтау қажет:

— инфекционист-дәрігердің барлық нұсқамалары мен тағайындауларын міндетті түрде орындау 

— антиретровирустық терапияны қабылдауды ұмытпаңыз

— үнемі медициналық тексеруден өту