Денсаулық – өз қолымызда!

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жаратылыстану факультетінің студенттері маңызды әрі танымдық кездесуге қатысты. Ақтөбе қалалық АИТВ инфекциясынын алдын алу орталығының маманы студенттерге АИТВ-ның алдын алу тақырыбында арнайы дәріс оқыды.

Кездесуде не айтылды?

  • 🧬 Өзекті ақпарат: АИТВ инфекциясы бойынша қазіргі эпидемиологиялық жағдай.
  • 🛡 Қорғану жолдары: инфекцияның берілу жолдары, алдын алу шаралары және қате пікірлерді жою.
  • 🔍 Тексерудің маңызы: АИТВ-ға тегін әрі анонимді түрде қалай және қай жерде тексерілуге болатыны туралы.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, болашақ мамандар өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауап алды.

Болашағымыз – біздің санамыз бен жауапкершілігімізге тікелей байланысты!