БКП

13
апрель 2021

БКП

Байланыстан кейінгі профилактика (БКП) АИТВ жұқтырылуы мүмкін жағдайдан кейін алдын алу іс-шаралары жүргізілетінін білдіреді. Байланыстан кейінгі профилактика медицина қызметкерлері арасында «авариялық жағдайлар» жағдайында денсаулық сақтауда кеңінен қолданылады, алайда мамандар жыныстық қатынас кезінде (презерватив жыртылған және т.б.) авариялық жағдайлар кезінде де БКП-ны ұсынады.

АИТВ — ға қатысты БКП осы қоздырғышпен байланыстан кейін АИТВ-инфекциясының профилактикасы үшін қызметтердің кең жиынтығын ұсынуды білдіреді. Бұл қызметтерге мыналар кіреді:

алғашқы көмек

жұқтыру қаупін бағалау және кеңес беру

ақпараттандырылған келісім алғаннан кейін АИТВ-ға тестілеу

қажет болған жағдайда АИТВ жұқтырудың химиялық алдын алуды тағайындау

зардап шегушіні одан әрі диспансерлік бақылау