Білу маңызды!

28
ноябрь 2022

Білу маңызды!

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында кездесу

Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Артықбаева Алтынай  Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шара Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледж студенттері арасында өтті.
     Спикер АИТВ-инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары туралы айтып берді, сондай-ақ өз презентациясында Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды биылғы жылдың 10 айында және өсімімен таныстырды. Іс шара соңында 
ниет білдірушілерге қызыл иек сұйықтығы (сілекей) арқылы АИТВ-ға жедел тестілеу жүргізілді.