Байғанин ауданының жастарымен кездесу

04
июнь 2019

Байғанин ауданының жастарымен кездесу

ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының педагог маманы М. Матаева Байғанин ауданының техникалық колледж студенттерімен және №1, №3 орта мектептерінің оқушыларымен кездесті. Кездесу «Жастар арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу» тақырыбында өтті.

 Кездесудің мақсаты — АИТВ-жұқпасының алдын алу шараларымен жастарды сауаттандыру және оларға сақтандыру шараларын жан-жақты ұғындыру.

М.Матаева өңірдегі эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Сондай-ақ, тыңдаушыларға ақпараттық материалдар таратылып, «Өмір ағашы» бейнефильмі көрсетілді. Қатысушылардың АИТВ-жұқпасына қатысты қаншалықты ақпараттандырылғанын анықтау мақсатында қатысушыларға сауалнама өткізілді.