Автожол колледжінің студенттеріне дәріс

20
январь 2023

Автожол колледжінің студенттеріне дәріс

17 қаңтарда ЖИТС ОО профилактикалық бөлімінің маманы Динара Уразалинова Автожол колледжінің студенттеріне дәріс өткізді.
     Спикер АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы толық ақпарат берді, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. 
Іс-шара барысында стигма мен кемсітушілік және АИТВ-инфекциясының берілу жолдары бойынша презентация көрсетілді және тренинг өткізілді. Іс-шара соңында спикерлер барлық сұрақтарға жауап берді.