Ата-анаға баланың АИТВ-статусын қалай ашуға болады

10
ноябрь 2021

Ата-анаға баланың АИТВ-статусын қалай ашуға болады

Баламен оның АИТВ-жұқпасының диагнозы туралы сөйлесу ата-аналарына да (заңды өкілдеріне), баланың өзіне де оңай емес. Бірақ Сіз балаға АИТВ-мен толыққанды өмір сүруіне көмектесе аласыз, өйткені балаға оның АИТВ-статусы туралы уақтылы хабардар ету балада психологиялық жарақат алудан сақтауға мүмкіндік береді, бала мен дәрігерлердің өзара әрекеттесуін жақсартады, отбасылық қатынастардағы шиеленісті азайтады, ата-анамен бала арасында ашық және сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. 

  • Әдетте,     бірінші сұхбат үшін АИТВ-позитивті     балалардың ата-аналары (мүмкін суреттердің     көмегімен) мынаны түсіндіреді: «вирус»     деген не, «иммунитет» деген не және     денсаулықты сақтау неліктен     дәрі-дәрмектерді қабылдау қажеттігін.          

  • Оған     ауру қандай-да бір қателіктерден     туындамайтынын және аурудың да, емдеудің     де жаза еместігін ескертіңіз.

  • Ауру,     емдеу және соған байланысты процедуралар     туралы түсініктемелерде шыншыл болыңыз.     Балаға,     егер ол қаласа, емдеудегі барлық     өзгерістер туралы хабарлаңыз.

  • Ешкім,     оның ішінде сіздің балаңыз сізден бәрін     біледі деп күтпейді. «Мен білмеймін»     деп айтудан қорықпаңыз.

  • Балаңыздан     өзінің     ойы туралы     сұраудан қорықпаңыз. Бұл оған жаңа     қорқыныштар туғызбайды, бірақ оған     бұрыннан бар қорқыныштарын сыртқа     шығаруына     мүмкіндік береді.

  • Балаңыздың     көңіл-күйін біліңіз. Оған қайғыға     батудың және жылаудың жақсы екенін     айтыңыз

  • Балаңызбен     АИТВ     туралы     сөйлескенде міндетті түрде үміт     ұялатыңыз. Мысалы: «Бүгінгі күні бұл     ауруды     емдеуге өте пайдалы жаңа, өте жақсы     дәрі-дәрмектер бар. Егер сен     оларды үнемі қабылдасаң,     өзіңізді басқа     сау     балалар сияқты сезінесің».     Егер сізге қандай да бір себептермен     балаға диагнозды өз бетіңізше айту     қиын болса, ЖИТС орталығының мамандары     — психолог, инфекционист немесе педиатр     көмек көрсете алады.