Ашық есік күні

04
декабрь 2023

Ашық есік күні

1 желтоқсанда Ақтөбе қаласының ЖИТС орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында «Өз АИТВ мәртебеңді біл» ұранымен Ашық есік күні өтті.

Бұл іс-шара АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыруға және халық арасында жауапты, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.

Акция барысында ниет білдірушілер тегін, жасырын түрде АИТВ-ға жедел тест тапсырып, психотерапевт, гинеколог, дерматовенеролог мамандардан кеңес ала алды.