Қандай жағдайларда АИТВ-ға тексерілуден өту қажет?

18
октябрь 2021

Қандай жағдайларда АИТВ-ға тексерілуден өту қажет?

  • Белгісіз     себептермен 1 айдан астам қызба.
  • Белгісіз     себептермен 1 ай ішінде лимфа түйіндерінің     екі немесе одан да көп топтарының     ұлғаюы.
  • 1     ай бойы үзіліссіз диарея.  
  • Дене     салмағының 10 және одан да көп пайызға     жоғалуы;
  • Созылмалы     және қайталанатын пневмония немесе     әдеттегі емге көнбейтін пневмония;
  • Ұзаққа     созылатын және қайталанатын     іріңді-бактериялық, паразиттік аурулар,     сепсис;
  • Этиологиясы     белгісіз әйелдердің репродуктивті     жүйесінің созылмалы қабыну аурулары     бар әйелдер;
  • Ауыз     қуысындағы кандидоздың белгілері.
  • Сипатсыз     локализациясы бар ауқымды герпетикалық     бөртпелер.
  • Егер     жаңа серіктеспен қорғалмаған жыныстық     қатынас болса немесе мүшеқап     жыртылған болса.
  • Адам     жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырады.
  • Егер     тұрақты жыныстық серіктес басқа адаммен     жыныстық қатынаста болса. 
  • Егер     өткен немесе қазіргі жыныстық серіктес     АИТВ жұқтырған болса. 
  • Егер     пирсинг немесе татуировка жасау үшін     бұрын қолданылған инелер қолданылған     болса.