Алдын алу-денсаулықты сақтаудың маңызды қадамы!

Ғ. Жұбанов атындағы облыстық филармония қызметкерлері арасында. АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өткізді. Кездесуді профилактикалық бөлім меңгерушісі Динара Уразалинова өткізді.

Дәріс барысында қатысушылар АИТВ жұқтыру жолдары, алдын алудың заманауи әдістері, тұрақты тестілеудің маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы білді. АИТВ-инфекциясы туралы кең таралған мифтерді жоққа шығаруға және халықтың хабардарлық деңгейін арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шаралар Денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыруға, хабардарлықты арттыруға және АИТВ-инфекциясының алдын алуға көмектеседі.