Алдын алу білімнен басталады!

22
октябрь 2025

Алдын алу білімнен басталады!

Ақтөбе облыстық АИТВ алдын алу орталығының мамандары — Утарова Назым және Матаева Меруерт — №38 орта мектеп оқушыларына дәріс өткізді.

Балалар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, қорғау тәсілдері және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы білді. Мамандар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділік пен кемсітушілікке жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кездесудің мақсаты-жасөспірімдердің хабардар болу деңгейін арттыру және жастардың бойында салауатты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.