АИТВ-жұқпасының алдын алу

09
декабрь 2021

АИТВ-жұқпасының алдын алу

7 қараша күні ЖИТС облыс орталығының дәрігер эпидемиологы Динара Уразалинова АИТВ-жұқпасының алдын алу тақырыбында Байшев жоғары медициналық колледж студенттеріне кездесу өткізді. Кездесу барысында АИТВ-инфекциясы туралы және берілу жолдары мен алдын алу іс-шаралары бойынша толық ақпарат берілді. Спикер қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді.