АИТВ-жұқпасының алдын алуға арналған медицина қызметкерлері арасындағы оқыту семинары

07
август 2019

АИТВ-жұқпасының алдын алуға арналған медицина қызметкерлері арасындағы оқыту семинары

АИТВ-жұқпасының алдын алуға арналған медицина қызметкерлері арасындағы оқыту семинары

2019жылдың тамыздың 1-нде Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің  негізінде  оқыту семинары өтті.

 Семинарда Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтылды.ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Самат Мұртазин қатысушыларды нормативтік құжаттарға енгізілген негізгі өзгерістермен таныстырды. 

« АИТВ-жұқпасына   тегін  негізде ерікті және құпия түрде  медициналық тексеруден өту мен кеңес алудың ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдіктерге,оралмандар мен ел азаматтарына қатысты жаңа ережелері түсіндірілді.

 Сондай-ақ, семинар барысында медициналық қызметкерлердің апаттық жағдайдағы ұстаным қағидалары мен қатынастан кейінгі алдын алу шаралары талқыланды.