АИТВ және «Жас дәурен» орталығының мамандары студенттермен ақпараттық кездесу өткізді

11
ноябрь 2025

АИТВ және «Жас дәурен» орталығының мамандары студенттермен ақпараттық кездесу өткізді

? Бүгін АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының мамандары №6 емхана жанындағы «Жас дәурен» жастар денсаулық орталығымен бірлесіп, Қ. Жұбанов атындағы университеттің педагогика факультетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Маңызды тақырыптарды талқылады: АИТВ-ның алдын алу, денсаулықты сақтау, өзіне және айналасындағыларға жауапкершілікпен қарау.

? Студенттер әңгімеге белсенді қатысып, сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті.

 Барлығына қызығушылық пен ашықтық үшін рахмет!