Іс-шара барысында мамандар медициналық көмекті жетілдіру және АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу мақсатындағы бірлескен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мәселелерін талқылады.
Бағдарлама аясында келесі тақырыптар қарастырылды:
🔹 ынтымақтастық туралы меморандум мен өзара іс-қимыл хаттамасын іске асыру;
🔹 диспансерлік бақылаудан жалтарып жүрген пациенттермен жұмыс істеу кезіндегі өзара іс-қимыл алгоритмдері;
🔹 АИТВ жұқтыру қаупі бар авариялық жағдайлар кезінде медицина қызметкерлерінің іс-әрекеті және инфекциялық қауіпсіздік қағидаларын сақтау;
🔹 жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарға АИТВ-ға экспресс-тестілеу жүргізу;
🔹 Хаттаманы іске асыру барысында АИТВ орталығы мен Полиция департаменті арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері.
Семинар соңында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасты, кездесудің қорытындысын шығарып, алдағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады.
Тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимыл АИТВ инфекциясын уақтылы анықтауға, медициналық көмектің сапасын арттыруға және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға ықпал етеді.



