АИТВ-ның жыныстық жолмен берілуінің алдын алу

18
август 2022

АИТВ-ның жыныстық жолмен берілуінің алдын алу

17 тамызда ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Сандуғаш Жулмағамбетова «Жастар арасында АИТВ-ның жыныстық жолмен берілуінің алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Семинар «Наша жизнь» ҚБ аутрич қызметкерлері үшін өткізілді. Спикер қатысушыларды АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, қатынасқа дейінгі АИТВ-ның алдын алу және Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайлар туралы таныстырды. Іс-шара барысында қатысушылар семинарға дейін және одан кейін сауалнама толтырды.