май 2022
АИТВ-ның берілу қаупі жоғарылайтын факторлар

-
қорғалмаған жыныстық қатынасқа түскен жағдайда;
-
мерез, герпес, хламидиоз және гонорея сияқты жыныстық жолмен берілетін инфекциялар болса;
-
стерильді емес инелерді, шприцтерді және басқа да инъекциялық жабдықтарды, сондай-ақ инъекциялық есірткіні қолдану кезінде есірткі заттарының ерітінділерін пайдалану кезінде;
-
қауіпті инъекциялар, қан құю және тіндерді трансплантациялау, сонымен қатар стерильді емес кесу немесе тесу сияқты медициналық процедуралар болған жағдайда;
-
инелермен инъекция нәтижесінде кездейсоқ жарақаттар болса, оның ішінде денсаулық сақтау қызметкерлері арасында.
