АИТВ-ның алдын алу туралы

06
март 2025

АИТВ-ның алдын алу туралы

5 наурызда облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Динара Уразалинова Ақтөбе облысы ТЖД Ақтөбе қаласы ТЖД №25 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамына «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді. Спикер АИТВ-инфекциясынан қорғау шаралары мен берілу жолдары, АИТВ-ның қатынастан кейінгі профилактикасы туралы айтып берді, сондай-ақ өз сөзінде Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.