АИТВ-мен қатар жүретін аурулар

22
сентябрь 2021

АИТВ-мен қатар жүретін аурулар

Егер адамда бір уақытта екі немесе одан да көп инфекция болса, мысалы, АИТВ және басқа жұқпалы ауру болса, онда бұл комбинация коинфекция деп аталады.

АИТВ-ның ең жиі кездесетін коинфекциялары:

* Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ)

* В гепатиті және С гепатиті

* Туберкулез

ЖЖБИ АИТВ-ның берілу қаупін арттырады және ол организмде тез дамиды. Вирустық гепатит бауырға әсер етеді және емделмеген жағдайда өте ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Созылмалы В вирустық гепатитінде емдеу қабынуды немесе бауырдың зақымдану дәрежесін азайтуға бағытталған. Вирустан толығымен құтылу мүмкін емес. Қазіргі уақытта С гепатитін емдеуге болады. Туберкулез-АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасында бүкіл әлемде кең таралған инфекция. Дәрігерден туберкулезді тексеруді сұраңыз, өйткені туберкулезді емдеуге болады.