АИТВ-мәртебесі

18
март 2021

АИТВ-мәртебесі

Әркімнің АИТВ мәртебесі бар, тек кейбіреулерінде оң, ал басқаларында теріс. Алайда оны білу керек:

Біріншіден, қорқыныш пен белгісіздікті тоқтату. Егер сіздің өміріңізде АИТВ-ны жұқтыру қаупімен байланысты жағдайлар болса, тест тапсыру арқылы сіз вирустың ағзаға енгенін немесе кірмегенін білесіз.

Екіншіден: Сізде АИТВ — инфекциясы бар болса да, жүктілікті жоспарлап сау баланы көтеруге және босануға.

Үшіншіден: уақытында қажетті медициналық көмекті ала бастаңыз, антиретровирустық емді қабылдау үшін және ЖИТС-тің дамуына жол бермеңіз. Сонымен қатар, Сіз АИТВ-ның оң мәртебесі туралы неғұрлым тезірек білсеңіз, өміріңізді ұзартуға және оның сапасын жақсартуға мүмкіндік көп болады. Бүгінгі таңда бұл АИТВ-ның оң мәртебесі жағдайында да мүмкін.

Төртіншіден: АИТВ-инфекциясының басқа адамдарға берілуінің алдын алу.

Бесіншіден: оппортунистік инфекциялардың дамуына жол бермеу үшін.  

АИТВ мәртебесін білу өте қарапайым.

Ең сенімді әдіс – тіркелген жері бойынша емханада АИТВ-ға қан талдауын тапсыру.