📚 №22 орта мектебінде «АИТВ-инфекциясының берілу жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Тренингті АИТВ орталығының мамандары өткізіп, алдын алу шаралары, уақытылы ақпарат алудың маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы айтып берді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті: қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өзекті тақырыптарды талқылады. Осындай іс-шаралар жастардың ақпараттану деңгейін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға көмектеседі.
АИТВ орталығының мамандарына танымдық әрі пайдалы тренинг үшін алғысымызды білдіреміз!


