АИТВ-инфекциясының алдын алу

17
июнь 2024

АИТВ-инфекциясының алдын алу

АИТВ жұқтыру қаупін келесі жолдармен азайтуға болады:

  • жыныстық қатынас кезінде ер немесе әйел презервативтерін қолдану;
  • АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға тестілеуден өту;
  • ерікті медициналық сүндетке отырғызу;
  • инъекциялық есірткіні тұтынушыларға зияндылықты азайту бағдарламаларына қатысу. 

АИТВ-инфекциясының алдын алу үшін дәрігерлер дәрі-дәрмектер мен медициналық құрылғыларды қолдану бойынша ұсыныстар бере алады, мысалы:

антиретровирустық препараттар (АРВ-препараттар), соның ішінде байланысқа дейінгі алдын алу және ұзақ әсер ететін препараттар; 

АРВ препараттарын АИТВ-ның анадан балаға берілуін болдырмау үшін де қолдануға болады. 

Антиретровирустық терапияны (АРТ) қабылдайтын және вирустық жүктемесі басым адамдар АИТВ-ны жыныстық серіктестеріне бермейді. Тестілеуге және АРТ-ға қол жетімділікті қамтамасыз ету АИТВ-инфекциясының алдын алудың маңызды бөлігі болып табылады.