ноябрь 2024
АИТВ-инфекциясына тестті қайда жасырын түрде тапсыруға болады?
АИТВ-инфекциясына анонимді тексеруді емханалар жанындағы жастар денсаулық орталығында тапсыруға болады.
Жастар денсаулық орталықтары (ЖДО) — 10-18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандарға және 18-29 жас аралығындағы жастарға репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша медициналық, емдеу-профилактикалық көмек, психоәлеуметтік және заңгерлік қызметтер көрсетеді.
ЖДО-да жастар ЖЖБИ диагностикасынан және АИТВ-инфекциясына жедел әдіспен анонимді және құпия негізде тексеруден өте алады.
Жастар денсаулық орталығында қандай қызметтер, көмек және қолдау алуға болады?
1. Репродуктивті және психикалық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша ақпараттық қызметтер;
2. Гинеколог, уролог, дерматовенерологтың консультациялық көмегі;
3. Емдеу-профилактикалық көмек: репродуктивті денсаулық ауруларының (соның ішінде ЖЖБИ) алдын алу, диагностикасы және емі;
4. Медициналық-психологиялық көмек (оның ішінде психологиялық диагностика, түзету қолдауы, консультациялық көмек).
Ақтөбедегі ЖДО мекенжайлары:
1. № 2 қалалық емхана жанындағы» Жастар » ЖДО. Ахтанов көшесі, 50а
2. №6 қалалық емхана жанындағы «Жасдәурен» ЖДО. Әбілқайыр хан көшесі, 87
3. №7 Қалалық емхана жанындағы «Ювентус» МДЗ. Бөкенбай батыр көшесі 50
4. Отбасылық медицина клиникасы жанындағы ЖДО. Маресьев көшесі, 74
