АИТВ қасиеттері

10
январь 2023

АИТВ қасиеттері

Адамның иммун тапшылығы вирусы-тұрақсыз вирус:

  • алкоголь, ацетон, эфирдің тікелей әсерінен өледі;
  • зақымданбаған терінің бетінде вирус ағзаның қорғаныш ферменттері мен бактериялардың әсерінен жойылады;
  • 30 минут ішінде 57°С жоғары қызған кезде өледі;
  • 1 минут аралығында қайнатқанда өледі.

Бір адамнан екінші адамға ауысқанда, емдеу процесінде де вирус үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан АИТВ-ға қарсы вакцина мен дәрі жасау қиын.