АИТВ: Ақпаратты бол, қорған!

19
июнь 2025

АИТВ: Ақпаратты бол, қорған!

Ақтөбе облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлерімен АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық дәріс өткізілді. Шараның мақсаты – жұқпалы ауру туралы дұрыс түсінік қалыптастырып, оның жұғу жолдары мен алдын алу шаралары жайлы кеңінен ақпарат беру.

Профилактикалық бөлімінің дәрігер эпидемиологы Динара Уразалинова дәріс барысында АИТВ мен ЖИТС-тың айырмашылығы, аурудың берілу жолдары, қорғану әдістері, сондай-ақ стигма мен дискриминация тақырыптарын қозғады. Қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, кәсіби жауаптар алды.

Әлеуметтік жауапкершілік – әрқайсымыздың борышымыз. Өз денсаулығымызға бей-жай қарамайық!