Ақтөбедегі медициналық ұйымдарда Ашық есік күндері өтті

04
декабрь 2024

Ақтөбедегі медициналық ұйымдарда Ашық есік күндері өтті

Жыл сайын Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған онкүндік аясында Ақтөбе облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында және облыстың медициналық ұйымдарында «Ашық есік күні» өткізіледі.

           Бұл іс-шара биылғы жылы да аталмай қалмады. ЖИТС орталығында пациенттер үшін АИТВ-инфекциясына қатысты ақпараттық-білім беру материалдары бар бұрыш ұйымдастырылды. Орталық қызметкерлері келушілермен әңгімелесті, буклеттер, парақшалар таратты, сауалнама жүргізді, АИТВ-инфекциясына тестілеуден өтуге шақырды. 

Іс-шараның мақсаты: адамдардың назарын АИТВ мәселесіне аудару, АИТВ – инфекциясының алдын алу және ерте диагностиканың маңыздылығы мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыру. 

Аталған іс-шара Қарғалы, Қобда, Мұғалжар аудандық ауруханаларында және №1,3,4,5 қалалық емханаларда өтті. Барлығы 734 адам қамтылды.