Ақтөбеде әскери бөлімнің жеке құрамына өткізілген лекция

10
март 2020

Ақтөбеде әскери бөлімнің жеке құрамына өткізілген лекция

 
26 акпан күні облыстық   ЖИТС    орталығының дәрігерлері Ақтөбе қаласында орналасқан №2030 әскери бөлімінде болып, жеке құрамына арнайы лекция оқыды. 
Шараның мақсаты АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру, алын алу жұмыстарын насихаттау болып табылады. Такырып аясында ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері А. Ердібекова әдеттегідей АИТВ жұқпасының ерекшелігі, таралу жолдары, облыс аумағында эпидемиологиялық жағдайы қандай деңгейде екенін мәлімдеді. АИТВ жұқпасынан сақтану  әр адамның өзіне байланысты. Сондықтан инфекционист маманы АИТВ-жұқпасының алдын алудың басты жолы-жыныстық қатынастағы серіктестің тазалығына аса мән беру екендігін атап көрсетті. Сондай-ақ есірткіден бас тартып, мүлдем пайдаланбау да салауатты өмір салтының бастауы екенін ескерген абзал.