Ақтөбе ЖИТС орталығы заманауи ПТР жабдығын алды

04
май 2022

Ақтөбе ЖИТС орталығы заманауи ПТР жабдығын алды

ҚР-да ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күреске арналған Жаһандық қор жобасын іске асыру тобымен өзара іс — қимыл шеңберінде және Қазақ ұлттық Дерматология және инфекциялық аурулар орталығы басшылығының қолдауымен Ақтөбе ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасы «Bioneer Corporation» компаниясының жабық үлгідегі заманауи ПТР жабдығына ие болды.

    Молекулярлық – диагностикалық жүйе негізінде нақты уақытта ТМ ExiStation автоматтандырылған ПТР-платформасының жұмысы инфекциялық ауруларды анықтауға қызмет етеді, жұмыс процесін барынша өткізу қабілетімен ұтымды етуге мүмкіндік береді және зертханалық тиімділікті қамтамасыз етеді. 

Осы жабдықтар мен реагенттерді, мамандардың біліктілігін пайдалана отырып, АИТВ-ға вирустық жүктемені анықтау жөніндегі біздің зертханамыздағы ПТР зерттеулер зерттелетін сынамада қоздырғыш көшірмелерінің ең аз санын (мл-ге 50 көшірмеге дейін, бұл халықаралық талаптар мен стандарттарға жауап береді) анықтауға мүмкіндік беретін дұрыс және жылдам нәтижелерді кепілдік береді.

Жүргізілетін ПТР талдаулары емдеу-алдын алу бөлімінің мамандарына аурудың сатысы мен барысы туралы қорытынды жасауға, АИТВ (АӨСЖ) өмір сүретін адамдар үшін жүргізілетін емнің (АРТ) тиімділігіне мониторинг жүргізуге, түзету іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Суретте «Зертханалық жабдықтар көрмесі. Жұқпалы ауруларды диагностикалау және емдеу мониторингі » (қазан 2019ж. Алматы):

КДИАҒО диагностикалық зертханасының басшысы — Тәжібаева Ғалия Қажымұратқызы

ЮНЭЙДС кеңесшісі-Әлия Боқажанова

Қазақстан мен Орталық Азиядағы ЮНЭЙДС елдік директоры Габриэла IONASCU

Life med Holding » ЖШС директоры-Толемисова Арай Магауяновна  

Бионер корпорациясының өкілдері (Оңтүстік Корея) :

Ким Намъиль-реагенттер өнімі департаментінің директоры

Шин Ёнгмин-реагенттерді қолдану жөніндегі маман 

Одилов Парвиз-Аймақтық Менеджер

ЖИТС ОО аймақтық зертханаларының жетекші мамандары: Фаткулина Жанетта, Сүйебаева Гүлзия, Нұғманова Лунара, Козлова Елена