Ақтөбе қ. студенттерімен кездесу

17
май 2019

Ақтөбе қ. студенттерімен кездесу

2019 жылдың 15 мамырында Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының әлеуметтанушысы С.Мұхамбетжанова Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында Ақтөбе қаласының сервис колледжінде кездесу өткізді.

Кездесу барысында социолог студенттерді аймақтағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Сонымен қатар АИТВ-жұқпасының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтты.

Студенттер үлкен қызығушылық танытып, тақырыпты талқылауға белсенді қатысты. Кездесу барысында студенттер арасында сауалнама жүргізілді.