Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстарының қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстарының қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Есепті кезеңде өңірде АИТВ инфекциясының жаңа жағдайлары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға азайды. Балалар мен жасөспірімдер арасында АИТВ жұқтыру жағдайлары, сондай-ақ инъекциялық есірткі қолдану арқылы жұқтыру фактілері тіркелген жоқ.
Оң нәтижелер ерте диагностика, қолжетімді тестілеу, уақтылы емдеу және медицина ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамның бірлескен жұмысының арқасында қол жеткізілді.
🩺 АИТВ мәртебесін уақытылы білудің ең тиімді жолы – тестілеуден өту. Заманауи емдеу АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толыққанды әрі белсенді өмір сүруге мүмкіндік береді.