Ақтөбе облысындағы жеке медицина мекемелеріндегі қызметкерлерге арналған оқыту семинары

04
январь 2019

Ақтөбе облысындағы жеке медицина мекемелеріндегі қызметкерлерге арналған оқыту семинары

Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының эпидемиология бөлімінің қызметкерлері жеке медицина мекемелерінің жұмысшыларына арнап Аитв-жұқпасының алдын алуға арналған семинар ұйымдастырды.

Семинар барысында  трансфузиялық емді жүзеге асыратын  медицина мекемелеріне қойылатын талаптармен қызметкерлерін таныстырды. Сонымен қатар семинарда аурухана ішілік жұқпалар, медицина қызметкерлерінің кәсіби  жұқтыруы және гемотрансфузия /трансплантациялаудың  қауіпсіздігін жұқпалардан қамтамасыз етудің негізгі сауалдары қаралды.

Дәріс барысында қызметкерлер АИТВ-жұқпасының берілу жолдары мен өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы жан-жақты ақпарат берді